АНКАРА. KAZINFORM – Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын «TUSAŞ» корпорациясы ғимаратының жанында теракт болды. Бұл туралы IHA агенттігі хабарлады.
Фото: Yeni Şafak
Бүгін, 23 қазанда Анкараның Кахраманказан ауданындағы Түрік аэроғарыш өнеркәсібі (TAI) нысандарына лаңкестік әрекет жасалды. Объекттер алдында атыс пен жарылыстар естілген.
Фото: Yeni Şafak
Бұл жағдайға байланысты Ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеме жасады.
– Анкараның Кахраманказан нысандарына теракт жасалды. Өкінішке орай, құрбан болғандар мен жараланғандар бар. Алла рахымына алсын, – деді министр.
Мәлімдемеде құрбандар мен жараланғандардың нақты саны айтылмады.
Лаңкестік әрекеттен кейін оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі және қауіпсіздік тобы келген.
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы