Қатты желден әуе шары жоғары вольтты сымдарға соқтығысқан. Салдарынан бір адам ажал құшып, 20-дан астам адам жарақат алды. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
РИА Новости Невшехир полициясына сілтеме жасап, франциялық саяхатшының қаза тапқанын хабарлады. Жолаушылардың арасында франциялықтар, колумбиялықтар және түріктер болған.