Түркияда туристер мінген әуе шары құлап, бірнеше адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Невшехир провинциясында туристері бар әуе шары жерге құлап, бірнеше адам зардап шекті, деп жазады түркиялық Anadolu агенттігі.

Оқиға салдарынан бір турист қаза болды, бесеуі жарақаттанды. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Опат болған турист Қытай азаматы болып шықты. Ал зардап шегушілер - Малайзия азаматтары. Болған жағдайдың себептері әзірге хабарланбай отыр.