Түркияда туристер мінген автобус аударылып, 5 адам көз жұмды

АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркияда туристер мінген автобус аударылып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Автобус Ақсарай мен Кония арасындағы жолдан шығып кетіп, аударылған.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде 26 адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. Олар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.