АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Испарта провинциясында туристер мінген автобус аударылып, 4 адам көз жұмды, тағы 15 жолаушы жараланды. Зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды БЕЛТА .
Жергілікті биліктің хабарлауынша, Испарта-Коня тас жолымен келе жатқан туристік автобус жүргізушісі Гелендост ауданында тізгінге ие бола алмай, аударылып қалған.
Зардап шеккен 15 жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы ауыр, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Бұған дейін халықаралық іздеудегі қазақстандық Түркияда ұсталып, елге қайтарылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Динара Маханова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылдан бастаған. Әр жылдары аймақтық басылымдар мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі және республикалық «Астана» телеарнасында жұмыс істеген.