Министр орынбасарының айтуынша, туристер Түркияға әуе билетін сатып алмас бұрын, яғни, паспорттық бақылаудан өтпей тұрып туроператорлардан немесе онлайн режимде медициналық сақтандыруды сатып алуына болады.
«Медициналық сақтандыру бағасы тиімді. Бұл демалушылардың денсаулығына тағы бір кепіл болады. Біз әр туристің отанына жақсы демалып, дені сау болып оралғанын қалаймыз. Бірақ пандемия қаупі әлі де бар. Сондықтан біз туристерді емдеуге арналған жаңа сақтандыру жүйесін жасадық», - дейді Алпарслан.
Оның айтуынша, жаңа қызмет түрі міндетті емес. Соған қарамастан қазірдің өзінде туристерден сұраныс көп.