Түркияда туристерге медициналық көмек көрсетудің мүмкіндіктері кеңейтілді

МИНСК. 27 шілде. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Түркия Республикасында ел аумағында жүрген шетелдік азаматтар мен туристерге медициналық көмек көрсетудің мүмкіндіктері кеңейтілді.

Бұл туралы Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің шешіміне сәйкес, шетелдік азаматтарға медициналық көмекті мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелер көрсетеді.

Медициналық көмек шақыру қажеттілі туған жағдайда, шетелдік азаматтар мен туристер «112» немесе «184» (шет тілінде) телефон нөмірлеріне хабарласуы керек.

Қазіргі таңда Түркияның Анкара, Ыстамбұл, Ізмір, Анталия, Мугла және Айдын қалаларында шетелдік пациенттерге медициналық көмек көрсетуді үйлестіру орталығының бөлімшелері құрылған.