Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой елдің туристік әлеуетін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Оның айтуынша, Түркияның әр өңірі бірегей табиғи және мәдени құндылықтарға ие. Бай тарихи мұраның, табиғи көрікті жерлер мен қонақжайлықтың үйлесуі елге әлемнің түкпір-түкпірінен туристер қабылдауға мүмкіндік береді.
— Біз табиғи және мәдени мұрамызды сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізе отырып, туризмді Түркияның барлық төрт маусымына және 81 провинциясына тарату бағытында жұмыс істеп жатырмыз, — деді түрік министрі.
Эрсой табиғи және мәдени мұраны сақтау әрі оны келешек ұрпаққа жеткізу мемлекеттік туристік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар оның айтуынша, туристік белсенділік жекелеген өңірлермен және жылдың белгілі бір кезеңдерімен шектелмеуі керек.
Бұған дейін биылғы екінші тоқсанда Түркияның туризмнен түсетін табысы өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға азайғанын жазған едік.
Айта кетелік Түркия Айға ұшатын аппаратын әзірлеуді аяқтаған еді.