«Түркияның танымал Билькент симфониялық оркестрі жаңа маусымдағы концертін Түркі әлемі өнерпаздарымен бірге бастады. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жоба аясында Жоржа Бизенің «Кармэн» операсы сахналанды. Бұл мәдени іс-шараны Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы бауырлас елдер Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр. Әзербайжандық Эльшад Багиров дирижерлік еткен концертке «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты жерлесіміз Расул Жармағамбетов те қатысты», - деп мәлім етті Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Бақытжан Омаров.
Оның атап өтуінше, концертте Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан әншілері де өнер көрсеткен.
«Пандемия кезінде операны сағынған халық концерт залын лық толтырды. Маусымның ашылуына 3 мыңға жуық көрермен қатысты», - деді ол.