Олардың арасында 112 зардап шеккен ресейлік бар. Оның үстіне, 28 шілде күнгі жағдай бойынша уланғандардың біраз бөлігі әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Консулдықтың ақпаратына сүйенсек, уланған Ресей азаматтарының барлығының жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Жергілікті билік өкілдері аймақтағы туристерге қызмет көрсететін барлық жауапты ведомстволарды тарта отырып, оқиғаны зерттеуде. Анталья қаласының санитарлық-эпидемиологиялық дәрігерлері судың, ауызсу және бассейн суы, қонақүйдегі азық-түліктің барлығына зерттеу жүргізуде. Әзірге туристердің неден уланғаны белгісіз.