Үкімге сәйкес Түркияда үш ақпараттық агенттік, 16 телеарна, 23 радиостанса, 45 газет, 15 журнал, 29 баспа үйі жабылады.
Билік жабуға шешім қабылдаған баспалардың ішінде Chian агенттігі мен радиостансасы, Nazar газеті, Yumurcak телеарнасы және т.б. бар. Бұдан басқа, жабылған БАҚ-тар ішінде Zaman және Today's Zaman газеттері де бар. Бұдан бұрын Reuters дерекөзі үкімет ортасында билік Zaman-нан 47 журналист пен колумнисті ұстауға шешім қабылдағанын мәлімдеген.
«Прокурорларға бұл «ұсталған» колмунистердің не айтып немесе жазғаны қызық емес. Қазіргі уақытта бұған себеп Zaman қызметкерлерінің Гюлен желісі жайлы білімдері терең болу ықтималдығы және тиісінше тергеуге үлес қосуы мүмкін», - деді агенттік дереккөзі.
фото: rbc.ru