Бұл туралы НТВ телеарнасына сілтеме жасап, ТАСС хабарлайды.
Оқиға таңертең Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайында орын алды. 321 жолаушысы бар Boeing 777-300 Ыстамбұлдан Токиоға ұшқан. Қара теңіз үстінде ұшып бара жатқан лайнердегі экипаж мүшелерінің бірі дәретхана есігінде «C4 Kargo» деген жазуды байқап, теороиялық түрде оны бортта пластикалық жарылғыш зат болуы мүмкін деген белгі деп қабылдаған, деп жазады khabar.kz.
Әуе кемесінің капитаны қайта әуежайға оралуға рұқсат сұрап, қауіпсіздік қызметімен тінту жұмыстарын өткізуін өтінген. Абырой болғанда, барлық жолаушылардың жүктері мен лайнердің ішін қарап шығып, ешқандай бомбаның жоқ екені анықталды.
Ұшақ қайтадан кешке қарай Токиоға бағыт алды.