Түркияда үйлену тойына жасалған шабуылдың салдарынан 45 адам қаза болды
08:32, 06 Мамыр 2009
АНКАРА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Түркияда үйлену тойына жасалған қарулы шабуылдың құрбандарының саны 45 адамға жетіп отыр.
ҚазАқпарат бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Бұған дейін 41 адамның қаза болғандығы айтылған еді. Бетперде киген қарулы адамдар Түркияның оңтүстік-шығысындағы Мардин қаласына жақын ауылдардың бірінде үйлену тойының қонақтарына оқ жаудырған. Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қылмыскерлер гранаталармен және автоматтық қарумен қаруланған. Кейбір мәліметтер бойынша, тойдағы қанды қырғынға үкіметтік күштердің жағында әрекет етуші күрдтерге қарсы жергілікті екі жасақтың арасындағы жаугершілік себеп болуы ықтималдығы айтылған болатын. Бірақ елдің Ішкі істер министрі Бешир Аталайдың айтуынша, «екі әулеттің арасындағы ұзақ жылдарға созылған жаугершілік осындай қантөгіске себеп болған». Министр сондай-ақ бұл оқиғаға қатысты 8 адамның тұтқындалғанын хабарлады. Анадолы агенттігінің хабарлауынша, бұл қанды қырғынға күйеу жігіттің кандидатурасына қатысты бітіспейтін келіспеушілік пен екі әулеттің арасындағы көпжылдық жаугершілік себеп болған.