Түркияда ведомстволық автобус жарылды
Мамандардың болжамынша, тергеу изоляторының қызметкерлері отырған автобусты жаруға қолдан жасалған жарылғыш зат қолданылған. Ол электр бағанының түбіне қойылып, автобус өте бергенде іске қосылады. Қашықтықтан басқару арқылы жарылуы да мүмкін.
Көлікте 30-ға жуық адам болған. Бір қызметкер қайтыс болды. Жарақат алған төрт адамның біреуі ауыр халде. Автобустың өзге екі жолаушысы алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары лаңкестік шабуыл нұсқасын да жоққа шығармайды.
Еске сала кетейік, екі күн бұрын Түркия Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясы мен Сириядағы ИМ террористік ұйымына (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) қарсы кезекті арнайы операцияны бастаған болатын.