Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды провинция губернаторының әкімшілігі.
Ұйымдасқан қылмыс пен контрабандаға қарсы күрес бөлімінің жергілікті жандармериясына Диярбакыр қаласының үш тұрғыны діни мазмұндағы антикалық кезеңдегі кітапты сатпақ болғаны туралы ақпарат түскен.
Қаскүнемдер кітапты сатып жатқан кезде ұсталды.
Сирек кездесетін кітап папирустан жасалған, 36 беттен тұрады және оның мұқабасы терімен қапталған.