Түркия Бас прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген тергеу барысында өзін виза бойынша кеңесші ретінде таныстырған кейбір адамдар мен компаниялардың арнайы «боттарды» пайдаланып, виза рәсімдеп беру үшін азаматтардан ақша алғаны анықталды.
Тергеу кезінде уәде етілген қызмет көрсетілмеген жағдайда өтініш берушілерге ақшасы қайтарылмағаны, сондай-ақ олардың жеке деректері автоматтандырылған бағдарламаларға берілгені анықталды.
Сонымен қатар күдіктілердің бұл қызметтен түскен табыстарды түрлі адамдар мен компаниялардың банк шоттары арқылы аударып отырғаны белгілі болды.
Сотқа жеткізілген 41 күдіктінің 37-сі қамауға алынды, ал төртеуі сот бақылауымен босатылды.
Еске салайық, АҚШ-та жалған неке схемасымен грин-карта таратқан 11 адам жауапқа тартылды.