Hurriyet Daily News хабарлағандай, бұған аталған желілерде өткен аптада содырлар тұтқынға алған түрік прокурорының суреттерінің орналастырылуы түрткі болған. Жергілікті провайдерлер жақын арада Twitter мен YouTube-ке шығу мүмкіндігін жояды деп күтіліп отыр.
Бастапқыда Түркия билігі Facebook әлеуметтік желісіне де тыйым салмақ болған. Алайда әлеуметтік желі өкілдері дереу даулы суреттерді жойып, билік бұл ойынан бас тартқан еді. Оны жариялағаны үшін елде барлығы 150 сайт оқшауланды.
Стамбұл прокуратурасының қызметкері Селим Киразды 31 наурызда сот залында «Революциялық халық-азаттық партиясы» тобының содырлары тұтқынға алған. Түріктің күш құрылымдары прокурорды босата алды. Алайда ол алған жарақаттарының салдарынан қаза тапты.