Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Исламдық қаржы бойынша халықаралық отырыс: оңтайлы жағдайлар жасау» деп аталатын алқалы жиында айтылды.
«ЖІӨ көлемі былтыр 772 млрд. доллар болса, биыл 822 млрд долларды құрамақ», - дейді Түркиядағы Кувейт-Түркия банкінің вице-президенті Мұстафа Бегюн. Оның айтуынша, экономикалық факторлар мен саяси институттар, нарықты дамыту мен тікелей шетелдік инвестицияға қолайлы жағдай жасаудың маңызы зор. Кез келген инвестор оған назар аударады. Шариғаттық қаржы өнімдеріне деген сұраныстың өсуі исламдық қаржыландыруды дамытуға ықпал етеді. Ал түрік үкіметінің исламдық қаржыландыруды қолдауы мен өнімді әртаптандыруынан өнімдер желісі тұрақты өсуде. Ол экономикалық сауығуына нақты әсер етіп жатыр.