Түркияда жарақат алғандардың саны 4 мың адамнан асты

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Түркиядағы тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған азаматтардың саны 4 мыңнан асты. Үш адам қаза болды.

Кеше бүлікшілер Үкімет басшысының орынбасары Бюлент Арынчпен кездесіп, қамауға алынған азаматтарды босатуды, сондай-ақ көз жасаурататын газды қолданбауды талап етті. Премьер-министр Реджеп Ердоған болса, бүгін Солтүстік Африкаға жасаған сапардан оралады. Ол өз елінде тәртіптің орнатылатынына сенімді. Бұған дейін Р.Ердоған Түркиядағы тәртіпсіздіктерді «демократияға қарсы шабуылмен» теңеп, оған экстремистік топтар кінәлі деп мәлімдеген болатын.