Түркияда жарылыс болып, 10 адам зардап шекті
19:11, 07 Тамыз 2023
КОДЖАЕЛИ. ҚазАқпарат – Түркияның Коджаели қаласындағы Дериндже ауданында Түрік астық кеңесіне тиесілі қоймада жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.
Коджаели губернаторы Седдар Явуздың айтуынша, жарылыс салдарынан 10 адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, қирандылар астында адамдар қалған жоқ.
Астық қоймасындағы жарылыс себебі әзірге белгісіз. Оқиға орнында өрт сөндіру-құтқару, медицина және полиция бригадалары жұмыс істеп жатыр.