Түркияда жарылыс болып, үш полицей ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысындағы Мардан провинциясында болған жарылыс үш полиция қызметкерінің өмірін қиды, деп жазады Anadolu агенттігі.

Брондалған полиция автокөлігі Дерик қаласы маңынан өткенде бомба жарылған. Нәтижесінде үш полицей көз жұмды.  Сұхбат берушінің айтуынша, жарылысқа Күрдістан жұмыскерлер партиясы (КЖП) жауапты. Билік аймақтағы КЖП мүшелерін ұстау жөніндегі арнайы операцияны жалғастыруда.

Бұдан бұрын Күрдістан жұмыскерлер партиясы мүшелері әскери нысан автокөлігін жарған болатын. Оқиға Сириямен шекаралас орналасқан Мардан провинциясында болған еді.