Жарылыс полиция бөлімшесінің жанында болып, соңы сақшылар мен содырлар арасындағы атысқа ұласты.
Шабуылды әзірге ешбір лаңкестік ұйым мойнына алған жоқ. Бұдан басқа, Нусайбин шаһарында 3 жауынгер ажал құшып, тағы 14-і жараланған. Бұл шабуылдар елде қызметіне тыйым салынған «Күрдістанның жұмысшы партиясына» қарсы әскери операция кезінде жасалған.