Түркияда жарылыстан алты адам зардап шекті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр қаласының қауіпсіздік басқармасы ғимаратында болған жарылыстан алты адам жарақат алды, деп хабарлайды NTV телеарнасы.

Жарылыс таңғы 8-де Баглар орталық ауданындағы қауіпсіздік басқармасы ғимаратында болды, деп жазды РИА Новости. Оқиға орнына көптеген жедел жәрдем көліктері келді, қала үстінде полиция тікұшақтары ұшып жүр. Алдын ала болжам бойынша, мина қойылған автокөлік жарылған. Бұған дейін Диярбакырдағы мұндай науқандарды бірнеше рет Күрдістан жұмысшылар партиясының мүшелері жасаған еді.