Түркияда жер сілкінді

АНКАРА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат – Түркияда магнитудасы Рихтер бағамы бойынша 4,1 баллдық жер сілкінісі болды.

Ресми дерек көздердің хабарлауынша, жерасты дүмпулері Түркияның солтүстік-батыс бөлігінде Мәрмәр теңізінде Ыстамбұлға жақын маңда тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпараттар жоқ.