Зілзала шағын цунами тудырды, оның амплитудасы 25 сантиметрге жуықты құрады.
21 шілдеге қараған түні Мугла провинциясының губернаторы Эсенгюль Дживелек хабарлағандай, алдына ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісі салдарынан ірі қирау оқиғалары болған жоқ.
Жерасты дүмпулері Эгей теңізінің жағалауында сезілді, алайда, Бодрум және Датчи аудандарында ол анағұрлым қатты байқалған.
Бодрумда жекелеген ескі ғимараттардың қабырғаларында жарықтар пайда болды, электр жарығы сөнді. Көптеген қалалар мен елді мекендер тұрғындары көшеге жүгіріп шыққан.
Билік өкілдері жер сілкінісінің қайталануы қаупімен тұрғындарға әзірге үйлеріне оралмауға кеңес берді. Оқиға орнына құтқарушылар жетуде, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.