Түркияда жол апатынан жарақат алған бір қазақстандық ауруханада жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда жол апатынан жарақат алған қазақстандықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: RDNE Stock project/Рexels

Апталық брифингте тілшілер Түркиядағы жол апатынан зардап шеккендер туралы сұрады.

«Олардың көпшілігі Қазақстанға оралды. Енді бір адам ауруханада жатыр. Қалғандарының жағдайы бірқалыпты», - деп жауап берді Айбек Смадияров.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам көз жұмғаны хабарланған еді.

Ауыр жарақат алған екі қазақстандық Түркия ауруханасында көз жұмды.

Барлық медициналық және репатриациялау шығындары сақтандыру компаниясының есебінен төленген.