Оқиға салдарынан 1 адам қайтыс болып, 46 жолаушы әртүрлі жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Қазір көлік жүргізушісі полицияға түсініктеме беруде. Айтуынша, ол көк тайғақ кесірінен көлік тізгінін басқара алмай қалған.
Түркияда қар жауып, аяз түсуімен жол көлік оқиғалары жиілей түскен. Күні кеше Ыстамбұл-Анкара тас жолында 7 көліктің соқтығысуымен ірі жол апаты орын алды, абырой болғанда, жолаушылардың барлығы дін аман.