Түркияда жолаушылар автобусы шыңырауға құлап кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның солтүстігіндегі Синоп қаласында жолаушылар автобусы шыңырауға құлап кетті, деп хабарлады "Россия 24" телеарнасы "Миллиет" газетіне сілтеме жасап.

Деректеріне сәйкес, бес адам қаза тапқан. Зардап шеккендер де бар. Апат ауданына түскен қалың қар шұғыл қызмет жұмысын қиындатуда.