Түркияда жүк көлігі апатқа ұшырап, 17 адам зардап шекті
09:57, 10 Қыркүйек 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Газиантеп қаласында жүк көлігі аударылып, соның салдарынан кем дегенде 17 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Trend агенттігі.
Түркия БАҚ-тарының мәліметіне сәйкес, жүк көлігі ауылшаруашылық жұмысшыларын алып бара жатқан. Жарақаттанғандар қала орталығындағы ауруханаға жеткізілді.
Үш адамның жағдайы аса ауыр.