Түркиядағы Ақкую атом электр станциясының бірінші реакторы 2026 жылы іске қосылады
АСТАНА. KAZINFORM – Түркиядағы Ақкую атом электр станциясының бірінші реакторы 2026 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
– Аққую АЭС-інің бірінші реакторын 2026 жылы іске қосу үшін белсенді жұмыс істеудеміз, - деді министр агенттік редакторларымен кездесуінде.
Атом электр станциясын «Росатом» компаниясы салып жатыр. Министрдің айтуынша, қаржыландыру мен санкция мәселесіне байланысты стансаның құрылысы 1,5 жылға кешіктіріліп отыр.
Байрактар сонымен бірге меншік иесінің өзгеруі мүмкін деген болжамдарды жоққа шығарып, бастапқы келісімге сәйкес жобаның 49%-ға дейін Түркияның келісімімен инвесторларға сатылуы мүмкін екенін түсіндірді.
Бұған дейін Түркиядағы АЭС құрылысшылары жалақының төленбеуіне байланысты ереуілге шыққанын жазған едік.
Аккую – Түркияның Жерорта теңізі жағалауында ресейлік «Росатом» корпорациясы салу-пайдалану үлгісімен салған алғашқы атом электр станциясы. Төрт реактордан тұратын атом электр станциясы Түркияның энергия қажеттілігінің 10 пайызын өтейді деп күтіліп отыр.
Арнайы Kazinform агенттігіне серіктес Anadolu агенттігі ұсынған.