Түркия жандармериясы ел бойынша 30 провинцияда есірткі сатушыларына қарсы ауқымды операциялар жүргізді. Операцияларға шамамен 4500 қауіпсіздік қызметкері қатысты.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, рейд кезінде 392 күдікті ұсталды. Сот олардың 122-сін қамауға алды, ал қалғандары тергеліп жатыр.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 518 келі есірткі, сондай-ақ 133 066 дәрі тәркіледі. Операцияға аналитикалық және жедел топтар қатысты, нәтижесінде заңсыз заттардың әлеуметтік желілер мен хабар алмасу қосымшалары арқылы таратылып жатқаны анықталды.
Бұған дейін Түркия темекі шегуге тыйымды күшейткенін хабарлаған едік.