АНКАРА. KAZINFORM - 2023 жылдың соңына қарай Түркиядағы шетелдік келіндердің рейтингісінде өзбек әйелдері көш бастап тұр. Әрбір оныншы келін Өзбекстаннан келетіні атап өтілді. Бұл туралы Түркияның Ұлттық статистикалық бюросы хабарлады.
MIR24 мәліметінше, шетелдік келіндердің 12 пайызы Өзбекстан азаматтары. Одан кейінгі орында сириялық (11 пайыз) және әзербайжандық (9 пайыз) келіндер тұр. Ресейлік келіндер 7,5 пайызбен алғашқы бестікке енді.
2023 жылы Түркиядағы шетелдік келіндердің орташа жасы 28,5 жасты құрған. Шілде, тамыз және қыркүйек айларында ең көп неке қиылған.
Шетелдік қалыңдықпен тойлар Стамбул, Анталия және Измир қалаларында көбірек өткен.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы