Түркиядағы сириялықтар өз еліне ағыла бастады

Сирияны 24 жыл басқарған Башар Асад билігі құлатылған соң Түркиядағы сириялық босқындар еліне жаппай қайта бастады. Бұл туралы Qazaqstan.tv жазды. 

Фото: elaphjournal.com

Халықтың кедергісіз өтуі үшін Түркияның шығысында 10 жылдан аса жабық тұрған бірнеше шекара бекеті қайта ашылды. Түркия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, шекарадан өтуге ниет білдіргендер саны соңғы күндері 5 есеге дейін өскен.

Ресми деректерге сай азаматтық соғыстан қашып Түркияны паналаған сириялық босқындар саны 3 млн-нан асады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түрік тарапы Түркияда тұратын сириялық босқындардың отанына аман-есен оралуы үшін бар күш-жігерін салатынын жазған болатынбыз.