АСТАНА. KAZINFORM - Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық «Yasar dogu&vehbi emre» турнирінде еліміздің әйелдер құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орынға алды. Олардың еншісінде 2 күміс, 4 қола медальмен 133 ұпай бар.
Ел құрамасынан Ирина Кузнецова (62 келі) финалда қырғызстандық Айсұлу Тыныбековаға есе жіберіп, күміс медаль алды.
Сондай-ақ, құрама сапынан Эльмира Сыздықова (76 келі) дәл осындай нәтижеге қол жеткізді.
Ал Эмма Тисина (57 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Елена Шалыгина (68 келі), Шамшиябану Тастанбек (72 келі) қола жүлдегер атанды.
Жалпы командалық есепте Жапония 135 ұпаймен бірінші орын алса, Моңғолия 133 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.