АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Түркияның Анталья қаласында дәстүрлі белгілі балуандар - Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алғашқы жарыс күні әйелдер 50, 57, 65, 76 кг салмақта кім мықтыны анықтады.
Қазақстанның ұлттық құрамасындағы Эльмира Сыздықова (76 кг) аталған жарыстан күміс жүлде жеңіп алды. Ал Эмма Тисина (57 кг) қола жүлдеге ие болды.
Енді ертең әйелдер қалған 53, 59, 62, 68, 72 келі салмақта күш сынасады.
Айта кетейік, биыл тарихы терең турнирге 25 мемлекеттен 600-ден астам палуан жиналды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.