Түркиядағы жоғары инфляция туристердің қалтасын қағуда
АСТАНА.KAZINFORM - Неміс туристері үшін Түркия басты бағыттардың бірі болып келді. Алайда Түркиядағы инфляция қарқыны бұл жағдайды өзгертті. Бұл туралы Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлады.
Германияның Федералды статистикалық департаментінің мәліметінше, Түркияға туристік пакеттердің құны өткен жылы 9% - дан асып, бұл Еуропа бойынша туристік пакеттер бағасының орташа өсімінен 5,7% -ды құрады.
Түркиядағы жоғары инфляция әсіресе туристік аймақтардағы қызметтер мен тауарлар құнының күрт өсуіне әкелді. Бұл тек жергілікті тұрғындарға ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристерге де әсер етуде.
Неміс туристерінің арасында Түркияға деген қызығушылықтың төмендегені соншалық, ел артықшылығы басым елдер тізімінде ұзақ мерзімді көшбасшылық позициясын жоғалтты. Оның орнына немістер Испания немесе Греция сияқты қол жетімді еуропалық бағыттарды көбірек таңдай бастады.
Туристік сектордан басқа, инфляцияның өсуі жергілікті тұрғындарға үлкен қысым жасады. Түркияның көші-қон басқармасының мәліметі бойынша, экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты жекелеген азаматтар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп елден кетеді.
Германия, Ресей және Таяу Шығыс елдері қызығушылығының төмендеуіне қарамастан, Азиядан келген саяхатшылардың арқасында Түркияға жалпы туристік ағым өсуде. 2022-2024 жылдарда жапондық туристер саны 334,9% – ға, қытайлықтар 292,9% – ға, филиппиндік туристер 55,7% - ға өсті.
Бұл өсу пандемиядан кейін халықаралық туризмнің қалпына келуімен және Түркияның Азия елдері үшін бағыт ретінде танымал болуымен түсіндіріледі.
Түрік билігі мұндай жағдайда екіжақты сынаққа тап болды. Бір жағынан, экономикалық тұрақсыздыққа байланысты Еуропалық туристерді тарту қиындай түсті, ал екінші жағынан, Азия нарықтары жоғары өсу әлеуетін көрсетеді. Турбизнес саласының мамандары Түркияның туризмін тұрақтандыру үшін қол жетімді демалыс нұсқаларын дамыту және ел экономикасын нығайту қажет деп болжайды.
Бұған дейін осы жылдың алғашқы 10 айында Анталияға 16 миллион 131 мың 847 турист келгенін, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға артқанын жазғанбыз. Бұл өсім аймаққа деген қызығушылықтың тұрақтылығын және түрік билігінің шетелдік қонақтарды тартуға күш салып жатқанын көрсетеді.