Түркиядағы Израиль елшілігіне қарулы шабуыл жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз екі адам Түркия астанасындағы Израиль елшілігіне басып кіргісі келді, деп хабарлады ТАСС NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Екі адам елшілік маңына наразылық білдіру үшін келген. Дипломатиялық өкілдік күзеті ғимараттан аулақ кетуді бұйырғанда, оқ дауысы естілген. Шабуылшылардың біріне оқ тиді, екіншісі дипломатиялық өкілдік аумағына кіруге әрекеттенген кезде жарақаттанды. Елшілік қызметкерлері ғимаратта жасырынып отыр.

"Әл-Арабия" телеарнасының хабарлауынша, израильдік елшілік қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ.