«Біздің елде демалып жатқан туристерге еш қауіп жоқ. 16 шілде күні жағдай тұрақталған болатын. Кешеден бері азаматтық ұшақтардың рейстері қалпына келтірілді», - деп атап өтті елші бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Айта кетейік, 15 шілде күні Стамбұлда әскери бүлік орын алып, 190-нан астам бейбіт азамат қаза тапты. Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам бүлікші ұсталды, бүлік барысында 100-ге жуығы өлтірілді.
16 шілдедегі жағдай бойынша, ҚР СІМ таратқан мәліметтерге сәйкес, Түркияда 2,5 мың қазақстандық азамат бар. Олардың 1 мыңға жуығы Қазақстанға қайтып оралуы тиіс.
12:11, 18 Шілде 2016
Түркиядағы қазақстандық туристерге еш қауіп төніп отырған жоқ - Түркия елшісі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы қазақстандық туристерге еш қауіп төніп отырған жоқ. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык мәлім етті.