Түркиядағы қазақстандықтар үшін жедел желі жұмыс жасауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы қазақстандықтар үшін жедел желі телефондары жұмыс жасап жатқандығын хабарлады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайларда Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінде ашылған «жедел телефон желісіне» хабарласуға болады:

- ҚР Елшілігі (Анкара қ.): 90-533-600-6092,
- ҚР Бас консулдығы (Ыстанбұл қ.): 90-542-471-2211,
- ҚР Консулдығы (Анталья қ.): 90-535-418-3532. 

Айта кетейік, Түркия билігі жұма күні кешке елде әскери төңкеріс жасау әрекеті болғандығын хабарлаған болатын.  Ел президенті Ердоған бұны шағын бүлікшіл топ ұйымдастырып отырғанын айтып, халықты бүлікшілерге қарсылық көрсетуге шақырды. Соңғы мәліметтер бойынша оқиға салдарынан кем дегенде 60 адам қаза тапқан.  

Түркиядағы ҚР Елшілігінің мәліметінше, курортты қалалардағы жағдай тұрақты, әйтсе де демалушы қазақстандықтарға қонақүйден шықпауға кеңес берілді.