«10 тамызда Түркияда орын алған автобус апатының нәтижесінде жарақат алғандар арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ екендігін хабарлаймыз», делінген таратылған баспасөз хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 10 тамыз күні Түркияның Измир қаласында жолаушылар автобусы аударылып, 52 адам зардап шекті, деп хабарлаған еді «Анадолы» ақпараттық агенттігі.