«Екі турист қонақүйде демала жүріп, достасып кеткен. Оқиға бейсенбі кешке жағажай жанында орналасқан қонақ үй барында ішімдік ішіп отырған кезде орын алған. Бардан шыққан олар бөлмелеріне бара жатып жолшыбай әзілдескен, - делінген "Интерфакс» агенттігінің хабарламасында. Сондай-ақ хабарламада «екеуі алысып жатқан кезде Щербактың аяғы тайып кетіп, баспен қатты еденге құлап, қатты жарақаттанған. Дереу медицина қызметкерлері шақырылды, алайда Ресейден келген туристі аман алып қалу мүмкін болмады», делінген.
Щербактың мүрдесі Анталья сараптау-криминалистік департаментінің мәйітханасына жеткізілді. Ричи Бурхардтан жергілікті жандармерия бөлімшесі жауап алды.