Түркиядағы лаңкестік әрекеттен зардап шекккендер саны 153-ке жетіп, 2 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Диярбакыр қаласындағы Халықтық-демократиялық партияның митингінде болған екі лаңкестік әрекеттің салдарынан зардап шеккендер саны 153 адамға жетті. Сондай-ақ екі адам, оның ішінде 16 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости қалалық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

«153 адам жарақаттанды, оның 25-інің жағдайы күрделі, өмірлеріне қауіп төніп тұр», - деп хабарлады департамент өкілі.

Алған жарақаттардың салдарынан екі адам көз жұмды. Қазір қалада партия жақтаушыларының митингі жалғасып жатыр. Олар кінәлілерді анықтап, жазалауды талап етуде.