Түркиядағы НАТО базасы бұғауланып, электр қуатынан ажыратылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Инджирлик әскери базасы бұғауланып, электр қуатынан ажыратылды, деп хабарлаған Түркиядағы АҚШ Елшілігінің сайтында.

 Бұл базаны АҚШ әскері басқарады және ол базаға НАТО әскері орналастырылған. НАТО әскері көбіне «Ислам мемлекеті» деп аталатын лаңкестік ұйымның содырларына шабуыл жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні Түркия Республикасында әскери төңкеріс жасау әрекеті орын алған. Оқиға салдарынан 104 бүлікші қаза тапты. Бұдан өзге, 90 адам, соның ішінде 47 бейбіт тұрғын көз жұмды.