Бұл туралы Haberturk телеарнасы хабарлады. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Мевлют Алтынташ фотокөрме өтіп жатқан ғимаратқа іскерлік костюммен кіріп келген, оны жұрт елшінің сақшысы ретінде қабылдаған.
Ресей жаңалықтары агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін Алтынташтың анасы мен қарындасы ұсталғандығы туралы айтылды. Енді олардың қатарына оның әкесі мен тұлғалары аталмаған тағы екі адам қосылды.
Телеарнаның мәліметінше, сейсенбі күні таңертең Алтынташтың туыстары жауап алу үшін Анкараға жеткізілетін болады. Тінту барысында оның үйінен компьютерлер мен ұялы телефондар тәркіленді.
Түркияның сыртқы істер министрі Сулейман Сойлу елшіні өлтірген адам полицей болғанын растады.
Ресейлік елшіге қарулы шабуыл дүйсенбі күні кешке Анкарада жасалды.