Түркиядағы орта мектептерде грузин тілін оқыту бағдарламасы бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Білім министрлігі елдің орта мектептерінде грузин тілін оқыту бағдарламасын бекітті, деп жазады trend.az. ақпараттық агенттігі.

Бағдарлама осы жылдан бастап, әрбір орта мектепте грузин тілін оқитын оқушылар саны он немесе одан асқан жағдайда енгізіледі. Бұл бағдарлама бойынша бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші сыныптарда грузин тілін 244 сағат оқыту қарастырылып отыр. Жұма күні Түркиядағы Грузия елшілігінің хабарлағандай, аталған бағдарламаны дайындауға Түркиядағы Грузия мәдениеті үйінің жетекшісі, Грузия туралы көпсериялы деректі фильмнің авторы Бердал Кучук пен танымал жазушы Кевсер Рух (Кетеван Хантадзе) ерекше үлес қосқан.