Түркиядағы парламент сайлауында елдегі жетекші партия көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы парламент сайлауында Әділет және даму партиясы сайлауда пайыздық көрсеткіш бойынша көш бастағанымен, жеке өзі Үкімет жасақтау үшін парламенттегі қажетті орынды (276) жинай алмады, деп хабарлады ТАСС.

Түркия Орталық сайлау комиссиясының 7 маусымдағы мәліметі бойынша, Әділет және даму партиясы 40,94 пайыз дауыс жинап, мәжілістегі 550 орынның 259-ын иеленді. 2011 жылғы сайлаумен салыстырғанда партия 9 пайыз дауыс берушіні жоғалтқан.