АНКАРА. АНАДОЛУ - ҚазАқпарат - Түркиядағы 14 мамырдағы президент сайлауының бірінші кезеңінің қорытынды нәтижесі жарияланды. Ондағы мәліметке сай, Реджеп Тайып Эрдоған 49,52%, Кемаль Кылычдароглу - 44,88%, Синан Оган - 5,17%, Мухаррем Индже - 0,43% дауыс жинаған, деп жазады ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Президент сайлауына Түркияның қазіргі басшысы Реджеп Тайып Эрдоған, оппозициялық Халықтық-демократиялық партияның басшысы Кемаль Кылычдароглу, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган, «Отан» Партиясының Төрағасы Мухаррем Индже түсті.
Ресми басылымда жарияланған ОСК мәліметіне сай, 14 мамырда өткен президент сайлауында сайлаушылардың 87,04 проценті дауыс берген.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 14 мамырда Түркияда президент және 28-шақырылымдағы парламент сайлауы өтті.
Жеңімпаз 28 мамырда өтетін президент сайлауының екінші кезеңінде анықталады.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.