Зардап шеккендерді үйінділер мен қар астынан жандармдарн, нысан қызметкерлері және туристер алып шықты. Шаңғы орталығына Төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету басқармасының (AFAD) бригадалары мен дәрігерлер де келді. Жарақат алғандар тікұшақпен Акдениз университетінің ауруханасына жеткізілді.
Сакликент шаңғы орталығы Анталя провинциясының Коньяалти аймағындағы Бейдаглары тау жотасында орналасқан.