Түркиядағы тоқыма фабрикасында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның батысындағы Текирдаг провинциясындағы Черкез ауданында тоқыма фабрикасында жарылыс болды, деп хабарлады сәрсенбіде түрік БАҚ-ры.

Осы оқиғаның салдарынан 29 жұмысшы зардап шегіп, олар таяудағы ауруханаға жеткізілді.

Аудан қатты түтіндеп, химиялық реактив төгілу ықтималығына байланысты дабыл жарияланды.
Алдын ала дерек бойынша өнеркәсіптік жабдыққа күшті химиялық әсер жарылысқа себеп болған.

    

 фото: tend.az