Түркиядағы төңкеріс әрекеті кезінде биліктің 160-тан астам жақтасы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы төңкеріс әрекеті кезінде биліктің 160 астам жақтасы қаза тапты, деді премьер-министр Бинали Йылдырым.

«Бізде 161 адам қаза тапты және 1440 жарақаттанды. Сонымен қатар, 20 бүлікші қаза тауып, 30 жарақаттанды», - деді Йылдырым журналистерге.

Сондай-ақ ол төңкеріс әрекеті ісі бойынша 2839 адам ұсталғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, төңкерісті жақтаушылардың барлығы билікке белгілі, жақын арада барлығы ұсталады, деп жазады РИА Новости.